rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Павлодар облысының жаңалықтары

Павлодар облысының жаңалықтары

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі жобаларды көпшілік алдында қорғау

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі жобаларды көпшілік алдында қорғау

2 маусымда Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  департаментімен бірлесіп,  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке  алғаш рет тағайындалған курсы тыңдаушыларының  жобалық жұмыстарын көпшілік алдында қорғау өткізді. Жобалар мемлекеттік қызметті - мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу; жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою; жұмыспен қамтуға ықпал ету нысандарына белсенді қатысушы тұлғаларға жолдамалар беру; тұрғын үй көмегін тағайындау; мектепке дейінгі жастағы балаларға мектепке дейінгі мекемелерге  жолдама беру үшін есепке қою; ветеринарлық анықтамалар беру және т.б. оңтайландыруға бағытталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету  процедураларын талдау кезінде   тыңдаушылар  оларды электрондық форматта алуға  азаматтардың құқықтарын толық іске асыра алмау проблемасын анықтады. Жобалардың авторлары себептер ретінде мыналарды белгіледі:
1) Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының төмен дәрежесі және оның онлайн режимінде қызметтерді алу үшін талап етілетін техникалық құзыреті деңгейінің жеткіліксіздігі;
2) Тұрғындардың  қызметтерді алудың заманауи  техникалық баламалары туралы ақпараттануы деңгейінің төмендігі;
3) Азаматтарға онлайн қызметтерін алуға кедергі болатын  бірқатар техникалық  шектеулердің болуы.
Көптеген жобалардың авторлары азаматтардың  қағаз түрінде  қызметтерді алуының  жанама іс-әрекеті ретінде қызметтерді алушылардың қызметтерді көрсетушілермен  тікелей қатынас жасауымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады. 
Тыңдаушылар бір нормативтік актілердің  екіншілеріне қайшы келетінін атап көрсетті, түрлі субъектілер  бір норма бойынша  сан алуан  түсіндірулер береді, кейде азаматтардың қызмет  түрлерін алуларында құқықтарын іске асыруға кедергі болуы жиі кездеседі. 
Бірқатар қызметтер үшін тағы бір проблемалық мәселе -  қызметтерді алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесіне қойылатын талаптар, қызметтерді ұсынудың негізделмеген ұзақ мерзімдері.
Жобалардың  авторлары проблемалық жағдайлардан шығудың жолдары ретінде  мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және бір уақытта азаматтардың неғұрлым көп санын онлайн режимінде қызметтерді алуға тартуды, қызметтерді көрсетудің бұрынғы әдістерінен біртіндеп қол үзуді, артық субъектілерді  осы процестен шығаруды  атады.  
Жобаларды қорғау шеңберінде  комиссия  үздік жұмыстарды таңдап,  олардың авторларын грамоталармен марапаттады:
Зада Гүлмира Нұрланқызы (Павлодар облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы);
Кайсаримова Светлана Анатольевна (Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);
Кузят Наталия Петровна (Павлодар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі).
Конкурста І орын алған тыңдаушы  Зада Г.Н. мемлекеттік, банк мекемелері  және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің аймақтық  кәсіподағынан құнды сыйлық алды.

13.06.2017 Просмотров: 238

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_