rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Павлодар облысының жаңалықтары

Павлодар облысының жаңалықтары

Super Sprint Triathlon Pavlodar - 2017

Super Sprint Triathlon Pavlodar - 2017

18 маусым күні Павлодарда Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасында «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған әуесқойлар арасында триатлоннан (триатлон - суперспринт) облыс ашық чемпионаты өтеді. Триатлон – веложарыс және жүгіруден тұратын, спорттың кешенді кезеңдік түрі. “SUPER SPRINT TRIATHLON PAVLODAR - 2017” қашықтығы мыналарды қамтиды: 
Жүзу - 300 м;
Веложарыс - 8000 м;
Жүгіру - 2000 м.
Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы М. Айдашевтың ақпары бойынша, тіркеу жарыстарды өткізу орнында сағат 8.30-дан бастап 10.00-ге дейін жүргізіледі. Басталуы таңертеңгі сағат 11.00-де. Транзиттік аймақтың жабылуы сағат 10.30-да. Брифинг сағат 10:45-те.
- Су кезеңінің өткізілу орны: Усолка өзені - 1 айналым 300 метр;
- Вело кезеңнің өткізілу орны: картаға сәйкес 8,0 шақырым;
- Жүгіру кезеңінің өткізілу орны: картаға сәйкес 2,0 шақырым;
- СӨРЕ транзиттік аймақтың жанындағы алаңқайда;
- Бұдан әрі шаңғы роллер тас жолы бойымен бағдарға сәйкес;
- Жарыстардың барлық кезеңдерінің картасы және Жарыстарды өткізу ережелері ұйымдастырушылардың oblsport-pavlodar.gov.kz сайтында орналастырылатын болады.
Триатлон бойынша “SUPER SPRINT TRIATHLON PAVLODAR - 2017” атты жарыстар Павлодар облысында триатлон мен спорттың кезеңдік түрлерін дәріптеу және одан әрі дамыту, спорттың кезеңдік түрлеріне негізделетін спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, Павлодар облысының құрама командасының қатарында ҚР 4-ші Жазғы Жастар ойындарына қатысу үшін спортшыларды іріктеу мақсатында өткізіледі. Вело кезеңде «Драфтингке» рұқсат берілмейді, ТТ велосипедтеріне рұқсат етілген. Қатысушылар арасындағы арақашықтық 5 метрден кем емес болуы қажет. Басып озу 20 секунд ішінде. Осы талаптарды бұзғаны үшін – жарысқа қатысу құқығынан айырылады.
300 метрге жүзу: 18 минут. 18 минут ішінде қашықтықты жүзіп өтпегендердің барлығы жарысқа қатысу құқығынан айырылады! 300 метрге жүзу + 8,0 шақырым веложарыс: 55 минут – Жалпы шектелім: басталған мезеттен 1 сағат 25 минут. Денсаулық жағдайы мен дене шынықтыру дайындығы бойынша қашықтықты өтуге әзір, 18 жастағы және одан үлкен асқан ерлер мен әйелдердің қатысуына рұқсат етіледі. Сөре жалпылай болады! Уақыт қорытынды белгіден өткен кезде, жеке түрде есептеледі.
- Ресми нәтижелер ұйымдастырушылардың oblsport-pavlodar.gov.kz сайтында жария етіледі және уақыттың келесі көрсеткіштерін қамтиды: 1.жүзу; 2.бірінші транзиттік аймақтан өту; 3.велокезең; 4. екінші транзиттік аймақтан өту; 5.жүгіру; 6.мәре уақыты.
Жарыстарды өткізу үшін транзиттік аймақ жабдықталатын болады, онда қатысушылар қажетті керек-жарақ пен веложарысқа арналған киім-кешекті (дулығаны міндетті түрде), сондай-ақ, өзінің нөмірінде жарыстар күнінде сағат 9.30-ға дейін велосипедті қалдыра алады. Транзиттік аймаққа кіреберіс жерде киім шешетін шатыр орналастырылатын болады, онда қатысушылар құрғақ киімді кие алады.
Анықтама телефондары: +7 775 918 75 55; 619362.

09.06.2017 Просмотров: 301

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_