rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Мұрағат ісі

Мұрағат ісі

2016 жылғы Павлодар облысындағы архив ісінің дамуы туралы

Павлодар облысының архивтік мекемелері Қазақстан Республикасының «Ұлттық архивтік қоры және архивтер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, архив ісі мен құжат айналымының ілгері дамуының рет-ретімен жүзеге асуын қамтамасыз етті.    
Сараптама-тексеру комиссиясының 15 отырысы өткізілді; онда 295 мәселе қаралып, 20450 с.б. көлеміндегі басқармашылық құжаттар, 2754 с.б. көлеміндегі ғылыми-техникалық құжаттама бекітілді, 14537 с.б. көлеміндегі жеке құрам бойынша құжаттар келісілді.  
Әдістемелік комиссияның 3 отырысы өткізілді.   
2016 жылғы 20 мамырда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ж. Аймауытов атындағы облыстық театрда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Г.А. Абдыкаликованың қатысуымен, мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өткізді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі күнін тойлау аясында конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, мерекелік концерт ұйымдастырылыды.
«Үздік архив қызметкері» номинациясында І орынды Н. Кубик (Облыстық мемлекеттік архив) иеленді, ІІ орынды Қ. Серікбаева (Облыстық мемлекеттік архивтің Лебяжі бөлімі), ІІІ орынды Г. Шәкірова (облыстық мемлекеттік архивтің Баянауыл бөлімі) иеленді.
2016 жылғы 30 қыркүйекте С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында  «Центр Профи KZ» ЖШС-мен архивтік қызмет бөлімінінің ұйымдастырушылық жәрдемі арқасында облыстық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлері үшін «Архив ісі және басқармашылық қызметті құжаттамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізіліді (дәріс беруші – Е.К. Жүсіпов, «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» ММ-сі бас директорының орынбасары)
2016 жылғы 12 желтоқсанда Естай атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік. Бейбітшілік. Келісім. Тұрақтылық. Независимость. Мир. Согласие. Стабильность.» фотоқұжаттық көрмесінің тұсаукесері өтті.
2016 жылғы 27 желтоқсанда Кривенко көшесі, 25 әкімшілік ғимаратынан Суворов көшесі, 9/5 ғимаратына (қалалық архив балансына берілді) орын ауыстырылуына байланысты  облыс әкімі Б.Ж. Бакауов Павлодар қалалық жеке құрам жөніндегі архивке танысу үшін келді. Облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.М. Сәрсенбаева архивисттерге жаңа қоныстарымен құттықтып, жұмыстары үшін алғыс айтты. 
Облыс архив мекемелерінің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету  бойынша жұмысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.
Облыстық архив мекемелерінің архив қоймаларындағы өртке қарсы режим өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамамалармен реттемеленді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу орталықтандыру, бірегейлендіру, толықтық және дәлділік принциптері негізінде іске асырылды. Құжаттардың мемлекеттік сақтауға түсуіне байланысты архив мекемелері негізгі және қосалқы есептік құжаттарды жүргізіп отырды.
Сақталудағы құжаттардың нақты болуын, олардың физикалық-химиялық жай-күйін тексеру және оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар атқарылды:
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттік сақтауға қабылданатын құжаттарды іріктеу сапасын арттыруға, сараптау-тексеру комиссиясы (СТК) қызметін жақсартуға, оның толықтыру көздері болып табылатын облыстың мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарының сараптау комиссияларымен өзара байланысын нығайтуға басты назар аударылды.
 Басқару, фоноқұжаттар, бейнеқұжаттар, жеке тектік құжаттар, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттамаға ғылыми сипаттама жасалды.
Сараптау тексеру комиссиясымен (СТК) ықтималды және ықтималды емес жабдықталу көздері болып табылатын облыстық мекемелердің құжаттарына тізімдемелер бекітіліп, келісілді:
Облыстық мемлекеттік архивтің жабдықтау және ведомстволық архивтерге бақылау жүргізу бөлімімен Павлодар облысы ауылдық округ (ауыл) әкімдері аппараттарының құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. 
Облыстық мемлекеттік архивтер құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырды.
Ведомстволық архивтермен жұмыс құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу арқылы ұйымдастырылды.
Басқармашылық құжаттаманы, аудио, бейне, фоноқұжаттарды, ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтайтын ведомстволық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындарды паспорттау бойынша кешенді жұмыстар аяқталды.
2017 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтердің жабдықтау көздері болып табылатын ұйымдар архивтерінің жинақтық паспорты әзірленді.   
Облыс архив мекемелері облыс мекемелері мен кәсіпорындардағы іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері үшін, аудандардың ауылдық округ мамандары үшін іс жүргізу және құжаттаманы басқару, құжаттардың ғылыми-техникалық сараптамасын жасау мәселелері бойынша кеңес берді.
Архив қорларын ақпараттандыруды арттыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғастырылды.
Есептік кезеңде облыстық мемлекеттік архивінің каталогтары жүйесінде 59 өтініш тіркелді.
Құжаттарды мақсатты тақырыптық әзірлеу жұмыстары жалғастырылды:
Облыстық мемлекеттік архиві келесі жұмыстарды жалғастырды:
Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихы бойынша анықтаманы дайындау;
«Жеңімпаздар» басылымының 2-шығарылымы жалғастырылды. 1779 анкета дайындалды.
Облыстық мемлекеттік архив 2016 жыл бойы жүргізілген № 1329 қоры Паволодар аудандық орталық ауруханасының № 3-ж жеке құрам бойынша тізімдемесін өңдеу жұмыстарын аяқтады. Кешенді жұмыстардың нәтижесінде ақпараттық-іздеу жүйелері бөлімімен №3-ж жеке құрам бойынша тізімдемесі әзірленіп, оған 1976-2000 жылдар аралығынға 362 с.б. көлеміндегі құжаттар енгізілді.
Облыстық мемлекеттік архивтің Ақсу бөлімі «Павлодар облысының мемлекеттік архиві Ақсу бөліміне 50 жыл. Аксускому отделу Государственного архива Павлодарской области 50 лет» буклетін әзірлеп, басып шығарды.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және қолданушыларды ретроспективті архивтік ақпаратпен қанағаттандыру ақпараттық іс-шараларды өткізу арқылы жүзеге асты. Төменде көрсетілген іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақстандық отансүйгіштікті, жас буын өкілдерінде рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту Концепциясын, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» патриоттық жалпыұлттық идеясын   жүзеге асыру болып табылады.
Облыстық мемлекеттік архивтің ресми сайтын статистикалық ақпаратпен толықтыру жұмысы жалғастырылды.
Облыстық мемлекеттік архив және оның Ақсу бөлімі «павлодар облысы тарихының естелік күндері. 2017 жыл» Күнтізбе-анықтамалылығы әзірленіп, басқарманың әдістемелік комисииясында бекітілді.
Облыстық мемлекеттік архив «Мемлекеттік архивтердегі ғылми-техникалық құжаттама» атты Халықаралы конференцияға және Республикалық семинарға қатысып, «Ғылми-техникалық құжаттамамен жұмыс барысындағы Облыстық мемлекеттік архивтің жұмыс тәжірибесінен» атты баяндама жасады.
Есеп беру кезеңінде облыстың архивтік мекемелері фотоқұжаттық көрме өткізді, оның ішінде облыстық мемлекеттік архив:
облыстық көркемсурет мұражайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71-жылдығына арналған «Мәңгілік Жеңіс. Подвиг на века» көрмесі; облыстық мемлекеттік архивтің Бектұров көш, 62/1 ғимаратының фойесінде, Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған (Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы) «История одного документа»;
Достық үйінде «Жалпыға Бірдей еңбек Қоғамы» ұлттық идеясы шеңберінде Еңбек күніне арналған «Адам даңқын еңбек шығарады. Трудом славен человек» көрмесі;
Ақсу қаласының кітапханасымен бірге «Соғыс жеңімпаздары. Люди, победившие войну» 1 фотоқұжаттық көрме (Ақсу бөлімі); Көктөбе ауылының кітапханасында ұстаз, халыққа білім бері саласының еңбегі сіңірген қызметкері Арықбаев Жидебайдың 88-жылдығына арналған көрмесі (Май бөлімі); Архив ғимаратында «Вехи истории: 1986-2016» 1 фотоқұжаттық көрме (Успен бөлімі); Аудан тарихы жайлы фильм көрсетіле отырып,  «Победители», «Архив это наша история», «Из истории Качирского района» 3 фотоқұжаттық көрме (Качир бөлімі).
Екібастұз қаласының архиві:
«Экибастузэнергострой» құрылыс-жөндеу тресі құрылғанының 40 жылдығына арналған «Историей богат наш город» көрмесі.
Радиобағдарламалар және телебағдарламалар жарық көрді:
Республикандық журналдарда, облыстық «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде, қалалық және аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.
Мүдделі ұйымдарға бастамашылық-ақпараттық құжаттар дайындалып, жіберілді.
Колледждер мен ЖОО-ның студенттері үшін экскурсиялар мен мектеп сабақтары өткізілді.
Архив ақпараттарын қолданушылардың сұрауларын қанағаттандыру тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрауларды орындау арқылы қанағаттандырылды.
Жыл ішінде мемлекеттік архивтердің деректік базасына және ақпараттық қорына зерттеушілер жүгінді.  
Тарихи-мәдени құжаттық мұраға деген қоғамдық қызығушылықтың өсуі 212 ақпараттық-танымдық іс-шараларды өткізу арқылы қанағаттандырылды.
Өзгертілді: 19.01.2016 10:54
Орналастырылды: 17.01.2017 11:06
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_