rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Инфекциялық, сондай-ақ инфекциялық емес сырқаттанушылықтың алдын алуда иммундаудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында облыста сәуірдің 24-нен бастап 30-на дейін «Вакциналар әсер етеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтті.
Науқан шеңберінде денсаулық сақтау, діни ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру ұйымдарының, қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен 33 семинар, 34 дөңгелек үстел өткізілді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтта дін басқармасы, ішкі саясат департаменті және діни конфессиялар өкілдерінің қатысуымен волейбол бойынша спорт жарыстары өтті.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, «Павлодар облысында Еуропалық иммундау апталығы» баспасөз-конференциясы өтті.
«Ирбис» ТА «Фреш Тан» бағдарламасының тікелей эфиріне «Вакциналар әсер етеді!» тақырыбымен қатысты. Салауатты өмір салтын қолдау орталығымен бірлесіп, «Инфекциялық аурулардың алдын алу. Еуропалық иммундау апталығы» тақырыбына «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Денсаулық» бағдарламасынан сөз сөйледі.
«Болашақ аналар мектебі», «Дені сау бала мектебі», «Отбасы жоспарлау мектебі», «Жас аналар мен әкелер мектебі», «Белсенді ұзақ өмір сүру мектебі» емханалық кабинеттерінде алдын алу екпелері туралы және иммундаудың пайдасы туралы халықпен жүргізілген әңгіме туралы бейнероликтер көрсетілді.
Апталық шеңберінде Ақтоғай ауданында Махмет Қайырбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінің 3 сынып оқушыларымен «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен «Веселые старты» спорт жарыстары жүргізілді. ақтоғай ауылында даярлық сыныптарының оқушыларына «Как бегемот боялся прививок», «Прививка лечит» мультфильмдері көрсетілді.
Павлодар қаласында №27 орта жалпы білім беру мектебінде оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен «Екпе алып, өзіңді және өз жақындарыңды қорға» тақырыбына флеш-моб өтті. Қаланың №1, №4 емханаларында қоғамдық денсаулық сақтау басқарма мамандарының және медқызметкерлердің қатысуымен «Вакциналар әсер етеді!» ұранымен «Ашық есік күндері» өтті, ата-аналармен, жүкті әйелдермен әңгіме жүргізілді. осындай науқандар Шарбақты ауданында, Ақсу, Екібастұз қалаларында жүргізілді, науқан кезінде көрнекі материалдар (үнпарақтар, жадынамалар) таратылды. Качир ауданының ірі нүктелерінде халықпен «Вакциналар әсер етеді!» ұранымен науқан өткізілді, көрнекі материал таратылды.
Облыс мектептерінде «Екпе алып, өзіңді және өз жақындарыңды қорға» тақырыбына тақырыптық сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы өтті. Оқушылар 273 диктант жазды.
Иммундау апталығы кезеңінде жұмыс топтарының (ҚДСД, әкімдік, емхана өкілдерімен) сапарлар ұйымдастырылды, іс-шара барысында екпеден бас тартқан ата-аналарменкездесулер жүргізіліп, вакцина мәселелері бойынша түсіндіру жүргізілді, үнпарақ таратылды.
Облыс тұрғындары үшін 5 мыңнан астам үнпарақ таратылды.
Жергілікті телеарнадан 10 сөз сөйлеу, облыстық радиодан 24 сөз сөйлеу дайындалып, баспаға, облыс ресми сайттарға мемлекеттік және орыс тілдерінде 16 мақала орналастырылып, жарияланды. Мектептер мен бала-бақшаларда, басқа мекемеде 257 дәріс оқылды. 187 санбюллетень шығарылды. 2000 әңгіме жүргізілді.
«Тікелей желі» телефондарына 615 қоңырау түсті, әрбір сұраққа жан-жақты жауап берілді.
Иммундау апталығына дейін және кейін облыстағы емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда, мектептерде, бала-бақшаларда халыққа сауалнама жүргізілді. сауалнама нәтижелері педиатрлар қоғамында талқыланып, одан әрі жұмыс жасау үшін өзекті проблемалар анықталды.
Облыста медициналық ұйымдарда 98 консулбтациялық пункт ашылған, иммундау кезеңінде 1016 адам консультацияға жүгінді.
ЕИА апталығы ішінде қосымша 631 адам егілді. Егулер тұрғылықты мекені жоқ және құжаттамасы жоқ тұлғаларға, мигранттарға, бас тартушыларға, иммундау мерзімдерін бұзушыларға және егу туралы растаушы құжаттары жоқ тұлғаларға жүргізілді.
Өзгертілді: 12.05.2017 15:25
Орналастырылды: 15.05.2017 10:21

Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолдары туралы

2016 жыл қорытындылары бойынша тұрғындардың негізгі денсаулық көрсеткіштері.
2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға 9,86 құрды және өлім көрсеткіші 2,22 %, төмендеді.
Жалпы өлім көрсеткіштерінің ішіндег бірінші орында – қан айналымы жүйесі ауруларынан тұрғындардың өлімі (ҚАЖА). 2016 жылғы 11 ай қорытындысы бойынша 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 19,7% төмендегені байқалады және 100 мың тұрғынға 212,66 құрды (2015 жылғы 11 ай – 264,99). Жүректің ишемиялық ауруларынан өлім 39,5% төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 94,10-нана 56,95-ке дейін төмендеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында соңғы 5 жыл ішінде облыста ҚАЖ өлімін төмендету үшін шаралар өткізілген: тері асты коронарлы бөгет жасау орталығы құрылды; «алтын уақыт» шегінде жіті коронарлы синдром кезінде облыс мамандарының әрекет алгоритмдері әзірленген, Павлодар және Екібастұз қалаларында 3 инсультті орталық ашылған.
Облыста кардиологиялық орталық құрылды, облыстың кардиологиялық қызметі біріктірілді, кардиологиялық науқастарды тіркеудің бірыңғай тіркелдімі әзірленді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Павлодар қаласының кардиологиялық қызметі амубулаториялық деңгейде облыстық кардиологиялық орталығы базасында орталықтандырылған.
2016 жылдың қорытындысы бойынша сәби өлім-жітім көрсеткіші 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1000 тірі туғанға 7,95 құрды (2015 жылы 6,80). Айтып өтетін жайт көрсеткіш республикалық көсеткіштен төмен -8,60
2015 жылы 1 ана өлімінің жағдайы тіркелінген, көрсеткіш 100 мың тірі туғанға 16,0 құрды (2015 жылы – 15,6). ҚР көрсеткіші– 12,9.
2016 жылғы қорытындысы бойынша туберкулез аулруларының көрсеткіші 100 мың адамға 53,9 құрды, 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,7% төмендегені байқалады (2015 жылы – 58,4), туберкулез ауруларынан өлім көрсеткіші төмендеті –16,7% және 100 мың адамға 3,30 құрды (2015 жылы – 3,96).
Облыста туберкулезге қарсы қызмет қайта құрылды.облыс қалаларының стационарлары облыстық туберкулезге қарсы диспансерлермен біріктірілді, аудандардағы амбулаториялық қызмет АМСК ұйымдарына берілді.
Қала және аудан әкімдіктері туберкулез науқастарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асырды, облыстың барлық қалаларында медициналық қызметкерлермен бақыланатын химия терапия пунктері ұйымдастырылды, емдеудің амбулаториялық кезеңінде науқастар тамақтанатын, тегін асханалар қызмет етеді.
Облыста онкологиялық аурулармен ауратындарды саны жоғары деңгейде қалып отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауру көрсеткіші 4,9% өсті және 100 мың тұрғынға 311,8 құрды (2015 жылы – 297,2).
2016 жылдың қорытындысы бойынша жазмыш оқиғалардан, уланулардан, жарақаттардан өлім көрсеткші 100 мың тұрғынға 100,64 құрды, бұл 2015 жылғы осы кезеңмиен салыстырғанда 16,1 % төмен.
Облыс тас жолдарында жол-көлік оқиғалары кезінде медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Облыстық жедел көмек станциясы үйлестіруші болып анықталды. Қазіргі уақтытта ЖКО орнына жету уақыты 20-30 мин ішінде.
ДСжӘДМ пилоттық жоба аясында жедел көмек қызметін оңтайландыру үшін 2016 жылғы қыркүйектен бастап Павлодар облсытық жедел медициналық станциясы базасында қалалық және аудандық ауруханалар жедел бөлімшелерін тапсырумен қызметті орталықтандыру жүргізілді. Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана құрамынан санитарлық авиация бөлімшесі облыстық жедел көмек станциясы құрамына тапсырылды.
Жоба щеңберінде бірыңғай диспетчерлік қызмет құрылды, ол навигациялық жүйемен, телебайланыс, телефон, интернетпен қамтылған. Облыстың барлық аумағынан келіп түсетін шақыртулар 103 телефоны арқылы орталық диспетчер түседі, оны қалалар және аудандарға тапсырады.
Өткізілген оңтайландыру нәтижесінде қызмет жұмысының индикаторы жақсарғаны байқалады: жұмыстың жоғары шұғылдығы, жіті коронарлы патологиясы бар науқастардан шақырутлар түскен кезде жедел көмек бригадалардың жету уаөыты 14 мин бастап 9 мин дейін қысқарды, бригадалар жұмысының сапасы жақсарды, тәулік ішінде санитарлық көлік жүруі, жанармай шығындары қысқарды.
Санитарлы авиация жолымен, әуе және жер көлігі қалыптасқан.
2016 жыл ішінде науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін санитралық авиация дәрігерлерінің топтарымен 87 ұшу, 434 жер көліктерімен шығу жасаған.
2016 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 40,9 млрд теңге 2015 жылғы 35,5 млрд. теңгеге қарсы, 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өсім 15 %.
Денсаулық сақтау облысының жүйесінде 356 медициналық ұйымдар қалыптасқан (оның ішінде 36 аурухана мен емхана, 1 ауылдық аурухана, 5 диспансер, 62 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт, 221 медициналық пункт, 6 басқа да медициналық объектілер (оңалту орталықтары, бейімделу орталықтары және т.б.)
2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында денсаулық сақтаудың 5 объектісінің құрылысы басталды: 2 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт. 2016-2017 жылдары құрылыс пайдалануға беріледі. 2016 жылы 5 объектісі ішінен Ертіс ауданы И.Байзақов ауылының дәргерлік амбулаториясы, Қашыр ауданының Жаңабет ауылында және Ақсу қаласының Алғабас ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы аяқталды.
2016 жылғы 31 желтоқсанда Павлодар облысы мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2325 дәрігер, 5898 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігерлерді қамту 43,7 құрды. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 100,2 құрды.
Облыста корпоративті басқару белсенді енгізілуде, 36 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығына (ШЖҚ) ауыстырылды, соның ішінде 27 ұйымда байқау кеңесі құрылды.
Қазіргі заманға сай телекоммуникациялық технологиялар енгізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1132 медициналық теле-бейне кеңестері және Республикалық ғылыми орталықтармен бейне конференцбайланыс сеанстары өткізілді.
2011 жылдан бастап транспорттық медицина қызмет етеді, бұл алыс елдерге білікті көмек көрсету мүмкіндігін береді.
Облыстың шалғай жатқан елді мекендеріне білікті медициналық көмекке қол жетуді қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс жасайды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 274 елді мекендеріне шығу өткізген. 30 мыңнан астам адам қаралды. 42 мыңнан астам диагностикалық және зертханалық зерттеулер өткізілді.
 
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік.
Павлодар қаласында 2015 жылы жеке инвестор қаражаты есебінен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шарасы аясында 25 диализді орны бар нефрологиялық орталық салынды. Инвестицияның жалпы көлемі 337,7 млн теңгені құрды.
Мемлекет тарапынан құрылыс коммуникациясымен жер учаскесі бөлінді, жолдар салынды, гемодиализ қызметтеріне мемлекеттік тапсырыстар ұсынылды.
Орталық жіті және созылмалы бүйоек жетіспеушілігі бар науқастарға стационар алмастырушы мамандандырылған медициналық көмек көрсетумен айналысады.
Орталықта 25 қазіргі заманға сай «жасанды бүйрек» аппараттары бар, олар 5 диализді залдарда қойылған. Жоспарлы қуаттылығы 100 диализді науқасқа медициналық көмек көрсетуге есептелінген.
Науқастар үшін қосымша қызмет ұйымдастырылған: оларды гемодиализ сеансы кезінде екі рет тамақтандырумен қамтамасыз етеді және аталған орталықтың көлігімен гемодиализге әкеледі және қайта үйіне апарады, кабельдік теледидар және Wi –Fi.
2017 жылы облыс денсаулық сақтау басқармасымен 5 мемлекеттік-жеке әріптестік жобасын іске асыру жоспарланып отыр:
1. Павлодар ауылының дәрігерлік амбулаториясын сатып алу құқығынсыз сенімді басқарылымға тапсыру.
2. Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясын сатып алу құқығынсыз сенімді басқарылымға тапсыру.
3. ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК сатып алу құқығынсыз сенімді басқарылымға тапсыру.
4. ШЖҚ «Павлодар №1 қалалық ауруханасы» КМК компьютерлік томографты құрумен және пайдаланумен» ғимарат мекемесін қайта қалпына келтіру.
5. ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК компьютерлік томографты құрумен және пайдаланумен» ғимарат мекемесін қайта қалпына келтіру.
2016 жылғы желтоқсанда ШЖҚ «Павлодар №1 қалалық ауруханасы» КМК және ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК компьютерлік томографты құрумен және пайдаланумен» ғимарат мекемесін қайта қалпына келтіру, Кенжекөл және Павлодар ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларын сатып алу құқығынсыз сенімді басқарылымға тапсыру жобалары бойынша жеке әріптесті анықтау жөнінде конкурс жарияланды.
4 жоба бойынша конкурс қорытындысы 2017 жылғы наурыз айының басында келтірілетін болады.
Өзгертілді: 10.03.2017 11:43
Орналастырылды: 24.03.2017 08:32

2016 жылға арналған Павлодар облысы денсаулық сақтаудың жұмыс қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері

2016 жылы облыс денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға "Қазақстан жаңа жаһандық нақтылық: өсуі, реформа дамыту" және Ұлт жоспары - 100 нақты қадам бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша -мемлекет Басшысының, сондай-ақ 2016-2018 жылдарға арналған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Павлодар облысы әкімі арасындағы нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу меморандумына жетуге бағытталды.
Облыста 2017 жылдың басында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жүйесінің 356 медициналық объектілері қызмет етеді, оның ішінде 47 заңды тұлғалар, 23 ауруханалық ұйымдар, 5 диспансерлер, 13 амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және 6 өзге МҰ.
Есепті жыл ішінде төсек қорын оңтайландыру жұмыстар бойынша жүргізілген. 391 төсек қысқартылды, 82 қайта бейімделген.
2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша төсек қоры 4408, 10 мың халыққа 58,1 (51,7). қамтамасыз етілуі.
2 жыл ішінде республикалық пилоттық жобаға қатыса отырып, Павлодар медициналық колледжі, 2016 жылы "Жоғары медициналық колледжі" мәртебесін алды Бірінші шығарылым 48 бакалаврлар 2018 жылы мейірбике ісі жоспарлануда.
"2016-2018 жылдарға арналған облысы халықына туберкулезге қарсы көмек көрсету бойынша Жол картасына" сәйкес, облыстың барлық туберкулезге қарсы ұйымдарын тәулік бойы төсек-орын қорымен бір заңды тұлға (ОТҚД) орталықтандырылуы өткізілді. Сонымен қатар, аудандарында және Ақсу қаласында амбулаторлық қызметі АМСК деңгейіне ықпалдастырылған. Ағымдағы жылы Павлодар, Екібастұз қалаларында АМСК деңгейіне фтизиатр дәрігер интеграциясы жоспарланған. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Екібастұз тубаурухана ғимараты босайды, оны медицина қызметкерлеріне арналған жатақханаға ретінде пайдалану жоспарланып отыр.
2016 жылғы қазанда Павлодар қалалық №1 ауруханасының базасында облыста травматологиялық көмек аймақтандыру, 15 төсек-орынға арналған политравма бөлімшесі құрылды.
Сонымен қатар, ұйымдастырылған "ұтқыр бригадалар", заманауи құрал-жабдықтармен, зардап шегушінің травматикалық шок жағдайынан шығару үшін, қажетті қан және дәрілік препараттар қорымен жабдықталған.
Іс-шараларды іске асыру шеңберінде, ЖКО кезінде өлім-жітімді төмендетуге бағытталған үйлестірушісі ретінде облыстық жедел медициналық көмек станциясы анықталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің пилоттық жоба шеңберінде 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша қалалық және аудандық ауруханаларының жедел-жәрдем бөлімшелерін Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станциясы қызметінің базасына бере отырып орталықтандырылуы өткізілді. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың құрамынан Облыстық жедел жәрдем станциясын санитарлық авиация бөлімшесі құрамына берілді.
Санитарлық авиация желісі бойынша қалай жер үсті және әуе көлігімен тұрғындарға мамандандырылған көмек көрсетіледі.
2016 жылы санитарлық әуе жолымен шығу кезінде 434 адамға шүңғыл көмек көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 13% - ға артық, 67 науқас жіті коронарлық синдроммен және миның қанайналымымен облыстық кардиологиялық және инсульт орталықтары жеткізілді , оның ішінде 20-әуе көлігімен.
Облыстың шалғайдағы ауылдарына білікті медициналық көмек қолжетімділігін үш жылжымалы медициналық кешендер қамтамасыз етеді.
2016 жыл ішінде облыстың 274 елді мекеніне шығу өткізілді. 30712 адам тексерілді. 42 мыңнан астам диагностикалық және зертханалық зерттеулер өткізілген.
Сонымен қатар, облыста телемедициналық байланыс, оған облыстың барлық қалалары және аудандары, Успен ауданын қоспағанда, қосылған. Ағымдағы жылы Успен ауданы телемедицина желісіне жалғанатын болады.
Жоғары мамандандырылған көмек және стационар алмастырушы технологиялар дамуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖММК 9 медициналық ұйым көрсетіп, 2797 оқиғаға ЖММК көрсетілді (бұл кардиохирургия, тамырлы хирургия, нейрохирургия, эндопротездеу, гинекология).
Ақсу және Екібастұз қалаларының облыстық аурухана және қалалық ауруханалар базасында амбулаториялық хирургия және гинекология орталықтары кеңінен қызмет етеді.
2016 жыл ішінде 3406 операция өткізілді.
Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында 2016 жылдан бастап жеке гемодиализ орталықтары жұмыс істейді, бұл гемодиализ жүргізудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз етеді. 2016 жыл ішінде 338 науқас гемодиализ қызметтерін алды.
Оңалту іс-шаралары жүргізу кеңеюде. 2016 жылдың желтоқсан айында Май орталық аудандық ауруханасы базасында 30 төсекке арналған облыстық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға оңалту орталығы ашылды. Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.
Екібастұз тұрғындарына білікті көмек қолжетімділігі мақсатында Екібастұз қалалық ауруханасының базасында консультациялық-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылып, жарақтандыру үшін 383 бірлік жабдық сатып алынды.
Медициналық ұйымдарда сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту және кезектілікті реттеу үшін және Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі (ДСБАЖ) тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының емханаларында және Облыстық диагностикалық орталығында Медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді.
Тіркелінген халыққа арналған кезекті азайту және медициналық көмектің қол жетімділігін жақсарту мақсатында емханалардың тіркеу бөлімдерін жұмысын қайта ұйымдастыру жүргізілді. Жеке ұйымдастырылған диспетчерлік қызмет көп арналы ID-телефоны функциясымен еркін желіге (еркін диспетчері) қосу үшін жабдықталған. Оның функцияларына: дәрігерлердің қабылдауларына алдын ала жазылу, үйге шақырту жазбасы, тіркеуі басқа мекен-жайға жіберу, медициналық көмектен активтер кіреді. Сондай-ақ, диагностикалық зерттеулер және емдік іс-шаралар туралы пациенттердің жеке деректері және егжей-тегжейлі ақпараты негізінде, электрондық амбулаториялық карталар базасы қалыптастырылады. Екібастұз және Ақсу қалаларында ақпараттық жүйені енгізу үшін дайындық іс-шаралары өткізіледі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Үшінші басымдық жаңа Жолдауын "Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы" орындау үшін, соның ішінде сандық технологияларды қолдану, бізбен ақпараттық технологияларды одан әрі дамыту жоспарлануда.
Өзгертілді: 10.03.2017 11:40
Орналастырылды: 24.03.2017 08:28

«Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундау жүйесін жетілдіру» өңірлік көшпелі семинарды өткізу туралы

Кез келген проблеманы шешу жолдарын іздегеннен гөрі алдын алу оңай екені белгілі. Дүниежүзілік тәжірибе вакциналау жаппай инфекцияларды алдын алудың ең тиімді жолы вакциналау болып табылатынын куәландырады.
2016 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундау жүйесін жетілдіру бйынша оқытуды жүргізу шеңберінде Павлодар қаласында Павлодар облысының невролог мамандары, жалпы тәжірибе дәрігерлері және эпидемиологтары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қ. мамандары үшін «Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундау жүйесін жетілдіру» өңірлік көшпелі семинар өткізілген.
Осы шараға Санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының, «Санофи –Авентис Казахстан» ЖШС өкілдері, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ неврология кафедрасының профессоры қатысты.
Семинарда дүниежүзінде және Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың мәселелрі, Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундауды ұйымдастыру қағидаттары, полиомелит, қызылша, қызамық сияқты вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жоюдың және  элиминацияның жаһандық қағидаттары, алты және бес валентті құрама вакциналарды қолдана отырып бастапқы және бустер вакциналау, сондай-ақ Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы вакциналаудың эпидемиологиялық тиімділігі қаралды.
Семинар қорытындысында толық жауаптар берілген сұрақтар қойылды.
Өзгертілді: 23.11.2016 16:30
Орналастырылды: 25.11.2016 11:15

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы

2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының қол жетімді, сапалы, әлеуметтік-бағытталған және енсаулық сақтау жүйесіндегіэкономикалық тиімді  негізгі 6 бағытты бар.
2015 жылы Мемлекеттік бағдарлама шараларының аяқталу жылы.
2015 жылы 9 ай ішінде 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұтас индикаторларда оң өзгерістерге қол жеткен: жалпы өлім-жітім көрсеткішінің төмендегені байқалады 1000 тұрғынға 0,3 % 10,05 ке дейін, жіті миокард инфарктісі 13,8% 100 мың тұрғынға 21,7 дан 18,7- ге дейін, сәби өлімі 1000 тірі туғанға 27,9% 8,9-дан 6,5-ке дейін төмендеген, туберкулезден өлім көрсеткіші 8%, 100 мың тұрғынға 5,17-ден 5,17-ге дейін төмендеген, көлік оқиғаларынан жазмыш жағдайдағы өлім 18,4%, 100 мың тұрғынға 16,3-ден 13,3-ге дейін төмендеуі байқалады.
2015 жылдың 1 қарашасына дейін облыста Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жүйесінде 370 медициналық объектілер қалыптасқан, оның ішінде 48 заңда тұлғалар. Оның ішінде 37 шаруашылық жүргізу құқығында.
2015 жылдың 1 қарашасы жағдайы бойынша облыстың медициналық ұйымдарында 2341 дәрігер және 5953 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
2015 жылдың 1 қарашасының жағдайы бойынша дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігі 15 бірлікті құрады: (Павлодар қ.-6 дәрігер, Екібастұз қ. -2, Ақсу қ. -1, аудандар – 6 дәрігер).
2015 жылдың 1 қарашасында Павлодар облысында 74 түлек келді, олар облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде 11 ауылдық жерге.
Жас мамандардың жұмыс орындарына келуінен жергілікті атқарушы органдар кадрларды орындарында тұрақтандыру мақсатында, әлеуметтік пакеттер ұсыны жөнінде жұмыстар жүргізілуде, үй-жай алу үшін несие бөлу үй-жайды жалға алу мәселелері шешілуде.
 
Демографиялық көрсеткіштер.
2015 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша 1000 тұрғынға 2,5% көрсеткіштері төмендеген, және 16,94 құрды (2014 жылы – 17,37).
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға  0,3 % және 10,05 құрды.
Сәби өлім-жітім көрсеткіші 27% төмендеді және 1000 тірі туғанға 6,5 құрды, 2014 жылы 8,9 қарсы.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында соңғы 5 жыл ішінде облыста ҚАЖ өлімін төмендету үшін шаралар өткізілген: тері асты коронарлы бөгет жасау орталығы құрылды; «алтын уақыт» шегінде жіті коронарлы синдром кезінде облыс мамандарының әрекет алгоритмдері әзірленген, Павлодар және Екібастұз қалаларында 3 инсультті орталық ашылған.
№2 қалалық аурухана мен кардиохирургиялық орталықты қосу жолымен облыстық кардиологиялық орталық құрылды. Қайта ұйымдастырылған кәсіпорын 2015 жылыдың 1 маусымынан бастап жаңа форматта қалыптасқан.
Облыстың кардиологиялық қызметін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілді, кардиологиялық науқастарды емдеуде және оңалтудағы сабақтастық үшін, бірыңғай ақпараттық кардиотіркеу әзірленді.
Келесі кезең кардиологиялық қызметті амбулаториялық деңгейде орталықтандыру жоспарланған.
Облыстың шалғай жатқан елді мекендеріне білікті медициналық көмекке қол жетуді қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс жасайды.
2015 жылдың 9 айы ішінде олар облыстың 254 елді мекендеріне шығу өткізген. 23 мың адам қаралды. 38 мың диагностикалық және зертханалық зерттеулер өткізілді.
Ұлттық телемедицинаны дамыту аясында аудан ауруханалары мен Ақсу, Екібастұз қалаларының мамандары ауыр науқастарды бейне-конференцбайланыс арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар,облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардың кеңесін ала алады. 2015 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша 824 аса науқас кеңес алды.
Тұрғындарға мамандандырылған көмек санитарлы авиация жолымен, әуе және жер көлігі арқылы көрсетіледі.
2015 жылы 10 айы ішінде әуе және жер көліктері арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетілгендердің саны - 303 құрды, тасымалданғандар – 180, кеңес бергендер-100, ота жасалғандар – 23 науқас.
Санитарлық авиациямен 41 науқас жеткізілді, жіті коронарлы синдром және жіті ми қан айналым жүйесінің бұзылуы, оның ішінде 23 әуе көлігімен.
Жоғары мамандандырылған көмек ретінде, және сонымен қатар стационар алмастырушы технология ретінде әрі қарай жалғасын тапты. Облыста 8 медициналық ұйым жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 1980 ЖММК көрсетілді.
2015 жылдың ішінде 2655 науқас оңалтудан өтті, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 3009 науқас.
Облыста күндізгі келуге 127, төсек ашылды, 2015 жылы 9 айы ішінде 36836 науқас емделген.
  Ақсу және Екібастұз қалаларының облыстық аурухана және қалалық аурухана базасында амбулаториялық хирургия және гинекология орталықтары қалыптасқан. 2015 жылы 9 айы ішінде 3600 ота жасалды, 2014 жылдың осы кезеңінде – 2899.
  Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жеке меншік гемодиализді орталықтар жұмыс жасайды, сапалы гемодиализге қол жетімділікті қамтамасыз етеді. 2015 жылы 9 айы ішінде 234 науқас гемодиализ алды, оларға 17051 гемодиализ сеансі жасалды. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда гемодиализді 183 науқас алды, оларға 15193 сенас жасалды.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын бекіту жұмыстары жалғасуда.
Есептік кезең үшін 81 бірлік медициналық жабдықтар сатып алынды.
2015 жылы 10 айы ішінде денсаулық сақтау объектілерінің 16-на күрделі жөндеу жұмыстары 605 млн теңге соммасына, оның ішінде «2020- Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 8 объектіге; облыстық бюджет қаражатынан – 8 объект жүргізілді.
«350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пунктер және емханалар құрылысы» бағдарламасына сай, ағымдағы жылы 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 3 амбулатория салынды.
Жаңа облыстық перинаталды орталықтың корпусының құрылысы аяқталды, жалпы соммасы 1,9 млрд теңге. Корпустың ашылуы 2016 жылдың басы деп жоспарлануда.
Мемлекеттік –жеке меншік серіктестік шарасы аясында 25 диализді орны бар нефрологиялық орталық салынды. Инвестицияның жалпы көлемі 330 млн теңге құрайды. Қазіргі таңда аталған объект қалыптасқан.
ТМККК аясында 500 аса препараттардың атауы, тегін амбулаториялық дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі, 48 нозолия бойынша ұсынылады.     2015 жылдың қыркүйек айынан бастап медициналық қызметтерді сапалы көрсетуді жақсарту мақсатында, Денсаулық сақтау басқармасында азаматтаврдың үндеулерін автоматты түрде қарастыру үшін Павлодар қаласының №1 емхана базасында Бірыңғай медициналық ақпараттандыру Call-орталығы ашылды. Ашылған кезден бастап тұрғындардың 300 үндеу қабылданды және қаралды.
2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жалғасын табуда. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын тиімді аяқтап және барлық индикаторлардың жетістігіне қол жету үшін облыста бар жағдай жасалынған.
Өзгертілді: 18.12.2015 15:51
Орналастырылды: 23.12.2015 09:52
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_