rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Білім беру

Білім беру

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым - 2016» қонкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беру тәртібі және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 544 бұйрығы және «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес, ағымдағы жылғы 15 наурыздан 15 шілде аралығында Павлодар облысында грант беру конкурсы өтті.
Қазылар алқасы құрамына облыс әкімінің орынбасары М.Р. Бегентаевтың төрағалығымен білім беру саласындағы бақылау департаменті, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енді.
Облыстық турға барлығы 17 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде, 11 ауылдық, 3 қалалық, 3 облыстық.
Облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, сомасы 18287200 теңгеге грант сертификаты берілді. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша конкурс лауреаты Ертіс ауданының № 2 ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының С. Торайғыров атындағы № 22 гимназия-мектебіне сертификат беріліп, лауреат атанды. Лауреаттар құнды сыйлықтармен ноутбук, теледидар, фотоаппаратпен марапатталды.
Өзгертілді: 27.10.2014 09:27
Орналастырылды: 27.04.2017 09:41

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста 433 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде 171 балабақша (мемлекеттік – 166, жеке меншік – 5) және 262 шағын орталық (мемлекеттік шағын орталықтар – 259, жеке меншік - 4).
Оқуы қазақ тілінде 237 мектепке дейінгі ұйым, оның 65-і - балабақша. Ұлты қазақ балалардың жалпы санынан балаларды қазақ тілінде тәрбиелеу және оқытумен қамту 82,2%-ды құрайды.
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 75,5%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды. 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту - 100%.
Өзгертілді: 27.10.2014 09:28
Орналастырылды: 03.05.2017 11:36

Орта білім беру

Облыста 389 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (387 - күндізгі мемлекеттік мектеп, 1- НЗМ, 1 - спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп). Шағын жинақталған мектеп – 251. Күндізгі мемлекеттік мектеп оқушыларының жалпы контингенті – 96376 адам. Оқуы қазақ тіліндегі мектеп – 151. Ұлты қазақ балалардың санынан қазақ тілінде білім алатын оқушыларды қамту 74%-ды құрайды.
Жалпы 94055 оқушының қамтылуымен (99,8%) 357 мектепте (93,9%) ыстық тамақ ұйымдастыру жүзеге асырылады. Соңғы төрт жылда аз қамтылған отбасыларының балаларын қолдауға жаппай оқыту қорына аударылған сома жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға шығыс сомасынан 3% құрайды.
Балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың 107 мектебіне 2975 оқушыны (қажеттіліктен 100%) тасымалдау ұйымдастырылған. Бұл мақсатқа 110 бірлік автокөлік пайдаланылуда.
Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Мектептерде 1 компьютерге 5,7 оқушыдан келуі республикадағы ең үздік жарақтандыру көрсеткіштердің бірі болып табылады.
66 мектепте электронды оқыту жүйесі пайдаланылады.
2016-2017 оқу жылында облыстың 273 оқу орнында «Күнделік» жобасын енгізу бастау алды.
376 мектепте «BilimLаnd» білім беру платформасы: мектептердің оқу процесінде «iTest» ҰБТ-ға дайындық жүргізу бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені, «iMektep» (аудиовизуалды шығарма – анимациялық фильм) пайдалануда.
2016 жылы 38 мектепте робот техникасы кабинеттерімен жарақтандырылған, 2017 жылы 95 мектеп жабдықтар сатып алды.
Өзгертілді: 27.10.2014 09:31
Орналастырылды: 03.05.2017 11:37

2017 жылғы республикалық пән олимпиадаларының қорытындылары

2017 жылғы 13-29 наурыз аралығында Павлодар және Ақтау қалаларында Қазақстанның 1346 оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
Павлодар облысының интеллектуалды командасын 96 оқушы ұсынды - облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Облыс қатысушылары түрлі деңгейдегі 55 медальды жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 15 күміс, 33 қола. 14 қатысушы ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен марапатталды. Павлодар облысының интеллектуалды командасы «Үздік олимпиадалық команда-2017» атағына лайық деп танылды.
Өзгертілді: 06.11.2014 17:29
Орналастырылды: 03.05.2017 11:39

Республикалық зерттеу жұмыстары және «Зерде» шығармашылық жобалар конкурсының қорытындылары

2017 жылғы 15-17 наурыз аралығында Щучинск қаласының республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық зерттеу жұмыстары және «Зерде» шығармашылық жобалар конкурсы өтті. Павлодар облысынан математика, информатика, физика, техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану бойынша 16 жобамен 22 оқушы қатысты. Конкурс қорытындылары бойынша Павлодар облысының командасы 20 жүлделі орынды иеленді.
Өзгертілді: 06.11.2014 17:32
Орналастырылды: 03.05.2017 14:46

2016 жылғы ҰБТ қорытындылары

Биыл жалпы орта мектепті 3601 мектеп бітіруші аяқтады, ҰБТ-ға 2564.
( 71,2%) қатысты. 46 халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырудан босатылды. Облыс бойынша тестілеудің орташа балы 88,2 құрайды.
Ең жоғарғы орташа балл «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне тиесілі – 112 балл.
Сонымен қатар, жоғары балл көрсеткендер: көп салалы лицей-интернат, Екібастұз қаласының «Зерде» мектебі, Абай атындағы №10 лицей-мектебі, Екібастұз қаласының №1 лицейі, дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі, Ақсу қаласының гимназиясы, № 3 гимназия.
Қалалар арасында ең жоғарғы орташа балл Екібастұз қаласында – 88,67, аудандар арасында Баянауыл ауданында – 94,83, одан әрі Ертіс ауданы – 94,67, Лебяжі ауданы – 90,45, Качиры ауданы – 87,88, Ақсу қаласы – 85,64, Павлодар қаласы – 84,4, Шарбақты – 82,03, Железин – 81,31, Май – 81,22, Павлодар – 80,49, Успен – 79,41, Ақтоғай – 75,14.
808 мектеп бітіруші 100-ден жоғары балға ие болды.
Тестілеудің үздік нәтижелері 7 бітірушіде: 125 балл: Усин Әділ – Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОМ, Исмаилова Дана – Качиры ауданы Оспанова атындағы № 3 ЖОМ, 124 балл: Әуезханова Айдана – «Жас дарын» мектебі, Қуанышева Камила – Екібастұз қаласының № 1 мамандандырылған лицейі, 123 балл: Бахитова Аяужан, Нуркенова Дамира – облыстық көп салалы лицей-интернаты, Темирова Аида – Баянауыл ауданының Акишев атындағы № 3 ЖОМ.
115 «Алтын белгі» аттестатына үміткердің 79-і білімдерін растады.
63 үздік аттестат үміткердің 28-і растады.
Тестілеудің барлық пәндері бойынша «үздік» бағаға тапсырғандар саны – 323.
Жоғарғы оқу орнына түсу үшін қажетті балл жинай алмаған, яғни 4 міндетті пәндер бойынша 50 балдан төмен балл жинағандар - 275.
41 бітіруші «қанағаттанарлықсыз» деген баға алды.
Облыстың қалалық жалпы орта білім беру мектептері арасында жоғарғы орташа балл Екібастұз қаласының №25 қазақ қыздар гимназиясы, Екібастұз қаласының №22 мектеп-гимназиясы, Павлодар қаласының №37 ЖОМ, Екібастұз қаласының №21 ЖОМ, Ақсу қаласының лицейінде.
Ауыл мектептері арасында ең жоғарғы баллға келесі мектептер ие болды: Баянауыл ауданының Марғұлан атындағы ЖОМ, Ертіс ауданының № 2 ЖОМ, Ақсу қаласы елді мекенінің Үштерек ЖОМ, Ақтоғай ауданының М. Кайырбаев атындағы ЖОМ, Қашыр ауданының № 2 ЖОМ, Успен №3 ЖОМ, Павлодар қаласының №40 ЖОМ, Павлодар ауданының Заңғар ЖОМ.
Қалалық мектептер арасында ең төмен орташа балл спорт мектебінде, Екібастұз қаласының №17 ЖОМ, Павлодар қаласының №21 ЖОМ және «Лингва» мектебінде.
Ауыл мектептері арасында ең төмен орташа балл Железин ауданының Березовская ЖОМ, Ақтоғай ауданының Идрисов атындағы ЖОМ, № 2 Успен ЖОМ, Шарбақты ауданының Арбиген ЖОМ, Ақсу қаласы елді мекенінің Камзин атындағы ЖОМ, Достық ЖОМ, Донентаев атындағы ЖОМ, Май ауданының Қазақстан ЖОМ, Екібастұз қаласы елді мекенінің Қарасу ЖОМ, Ертіс ауданының Амангелді ЖОМ, Качиры ауданының Бобровка ЖОМ.
Таңдау пәндері арасында физика пәнін таңдаған мектеп бітірушілер саны артуда. Физика пәні бойынша тестілеуден өткен 966 бітіруші (37,7%), биологиядан – 789 (31%), одан әрі география – 285 (11%), ағылшын тілі – 217 (8,5%), дүние жүзі тарихы – 170 (6,7%), химия - 69 (2,7 %), әдебиет - 67 (2,6%), неміс тілі – 1. Таңдау пәнінің жалпы саны - 8.
ҰБТ өткізу пункттеріндегі апелляциялық комиссияның екі күндік жұмысы ішінде республикалық апелляция комиссиясына 51 сұрақ қарастырылуға жіберілді, оның ішінде 31 сұрақ қанағаттандырылды.
Өзгертілді: 08.11.2014 15:20
Орналастырылды: 27.04.2017 09:44

Білім беру объектілерінің құрылысы

2016 жылы Екібастұз қаласында 1200 орындық жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді.
Ұлттық қор қаражаты есебінен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы желтоқсан айында Ақсу қаласында 280 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. «За будущее г. Экибастуза» ҚБ әлеуметтік серіктестік шеңберінде 255 орындық балабақша қайта қалпына келтірілді.
2017 жылы Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Мамаит Омаров атындағы Жамбыл орта мектебінің ескі ғимаратын қайта құру бойынша жұмыстар басталды, жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2017 жылғы тамыз.
Баянауыл ауданының Майқайың кентінде 110 орындық балабақша құрылысы басталды, пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – 2017 жылғы қыркүйек.
Облыс әкімі және ER Group S.a.r.l. арасындағы меморандум шеңберінде Павлодар түсті металлургия колледжі үшін 200 орындық жатақхана құрылысы және «Орта-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы» АҚ - монтаждау колледжі үшін 200 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде.
Өзгертілді: 10.11.2014 11:32
Орналастырылды: 03.05.2017 14:53

Қосымша білім беру

Облыста балалардың бос уақытын ұйымдастыру және дамытуды қамтамасыз ету үшін 89 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды (44 мектептен тыс мекемесі және 45 аула клубы). 5 жазғы қала сыртындағы лагерь бар. Қосымша білім беру мекемелерінде 36,4 мың оқушы білім алады (оқушылар контингентінің 37,8 %).
Оқу ұйымдарының базасында қызметтің әр түрлі бағыты бойынша 53033 оқушы қамтылған (55 %) 4102 үйірме, клуб жұмысы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 53,9 мың оқушы қамтылған, 3332 спорт секциясы жұмыс жасайды.
Қосымша білім беру орталығы 4,2 мыңнан аса баланың қамтылуымен 366 студия және үйірме жұмыстарын жүргізетін облыстық М. Катаев атындағы оқушылар сарайы болып табылады.
2016 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен «Сарыарқа» шағын ауданында 502 оқушы қамтылған балалар техникалық мектебі ашылды.
2016 жылы Лебяжі ауданының Аққу ауылында 300 оқушыны қамтыған балалар өнер мектебі жұмысын бастады.
Облыстық М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебі, Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені жұмыстарының тәжірибесі республикалық деңгейде талдап қорытылды.
Павлодар облысы әкімінің бастамасымен 2017 жылғы 9 қаңтарда облыстың 200 мектебінде, оның ішінде 110 ауылдық мектепте шахмат үйірмелері салтанатты түрде ашылды, олардың қызметіне және шахмат кабинеттерін заманауи жабдықтауға бюджеттік қаражат бөлінді. 12 мыңнан аса оқушы шахмат үйірмелерімен айналысады.
Өзгертілді: 14.11.2014 10:29
Орналастырылды: 03.05.2017 14:54

Арнайы білім беру

Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 185,8 мың бала тұрады, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар – 6228 (балалардың жалпы санынан 3,4%), оның ішінде мүгедек балалар – 1697 (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 27,2%).
383 мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кедергісіз орта жағдайлары жасалған (63,4%).
7 арнайы жалпы білім беретін мектепте және мектеп-интернатта 814 бала білім алады (мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 19,0%).
Облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернат базасында 59 бала білім алатын көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптар жұмыс істейді. Аталған категориядағы балаларды оқыту мектеп-интернатта құрылған арнайы жағдайларда жүзеге асырылады: портативті электронды лупалар, тифлокешендер, брайлерлік дисплейлер, оқушының интеллектуалды қызметін ынталандыру үшін компьютерлік дамыту ойындары пайдаланылады.
Инклюзивті білім берумен 3235 адам (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 51%), оның ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде ақыл-ойы кенже қалған балаларға арналған арнайы сыныптарда оқытумен қамтылған.
Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін білім беру ұйымдары жанында 142 логопед пункті жұмыс істейді, оған 3393 бала барады, оның ішінде балабақша жанында – 2161 баланың қамтылуымен 89 пункт, мектептер жанында 1232 баланың қамтылуымен 53 пункт.
Павлодар қаласының № 15 жалпы білім беру мектебі базасында сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған 10 сынып жұмыс істейді, онда 80 бала білім алады.
2017 жылғы қаңтарда Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, оған 32 бала барады.
2016-2017 оқу жылы облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 196 мүгедек бала білім алады.
Өзгертілді: 14.11.2014 10:37
Орналастырылды: 03.05.2017 14:57

Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ)

Облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен өнеркәсіп объектілері үшін кадрларды даярлауды 49 колледж жүзеге асыруда, олардың ішінде, мемлекеттік емес – 15. Бүгінгі күні контингент 20,8 мың студентті құрайды, олардың ішінде, оқудың күндізгі нысаны бойынша - 17,5 мың, оның ішінде, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша - 11,7 мың (67%).
Облыста 79 мамандық бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылуда. Оның ішінде, техникалық мамандықтар бойынша - 42,4%, білім беру мамандықтары бойынша – 15,5%, сервис, экономика және басқару – 11,2%, байланыс және телекоммуникация – 8,6%, медицина – 7,2%, ауыл шаруашылығы – 5,9%, гуманитарлық – 5,7%, мәдениет және өнер – 3,5%.
Ағымдағы оқу жылында 4210 адам 24 жұмысшы мамандығы бойынша тегін білім алуда.
2014 жылдан бастап облыста «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін – 2050» әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Бүгінгі күні облыстағы алты колледжде: технологиялық, бизнес, көлік және коммуникациялар, химия-механикалық, Красноармейка аграрлық-техникалық және Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде 9 сұранысқа ие мамандық бойынша оңтүстік өңірлерден 358 студент білім алады.
Өндірістік сала үшін мамандарды сапалы дайындау мақсатында облыстың 45 колледжінде 46 мамандық бойынша 623 кәсіпорын және ұйым базаларында дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда.
Серіктестікті дамыту шеңберінде 2016-2017 оқу жылына кәсіпорындар мен оқу орындары арасында одан әрі ынтымақтастық туралы барлығы 1,6 мың келісім-шарт және келісім жасалды.
Білім беретін оқу бағдарламаларды әзірлеу, апробациялау және енгізу қағидаларына сәйкес, дуалды оқыту нысанын енгізу бойынша «республикалық эксперименталды алаң» статусы облыстың 12 колледжіне берілді.
2016 жылғы мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша колледж бітірушілерді жұмысқа орналастыру 72,5 %-ды құрайды, жалпы жұмыспен қамту - 99,8% (жұмысқа орналасудың республикалық көрсеткіші – 73%, жұмыспен қамту – 90% болғанда).
Өзгертілді: 14.11.2014 10:49
Орналастырылды: 27.04.2017 09:48

«WorldSkillsKazaкhstan - Павлодар - 2017»

2017 жылғы 7 сәуірде «Достық» концерт залында «WorldSkills Kazakhstan Pavlodar-2017» жұмысшы мамандықтарының ІІ аймақтық чемпионаты жеңімпаздарын салтанатты марапаттауы өтті. Марапаттау салтанатына облыс әкімінің орынбасары М. Бегентаев қатысты.
Екі апта бойы облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 97 студенті 13 құзыреттілік бойынша жарысты. Әр құзыреттілік бойынша кәсіби дағдыларын бағалау үшін сараптама комиссиялары құрылды, комиссия құрамына аймақ кәсіпорындарының 47 өкілі енді.
Чемпионат қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
«Токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша I орынды Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Всеволод Бурак, II орынды Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Ярмоленко Александр, III орынды – Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Баимбет Аман иеленді.
«Дәнекерлеуші технологиясы» құзыреттілігі бойынша бірінші орын Павлодар монтаждау колледжінің студенті Андрей Поздеевке, екінші орын Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Продан Захарға, үшінші орын Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің студенті Шәрімбетов Бақытжанға берілді.
«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша I орынды Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Синебрюкова Полина, II орынды Павлодар политехникалық колледжінің студенті Чикунова Ирина, III – Павлодар политехникалық колледжінің студенті Русакова Елена иеленді.
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті Адам Овчелупов I орын, Павлодар технологиялық колледжінің студенті Варапаев Иван II орын және III орынды Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің студенті Есімхан Әділ иеленді.
«Наубайшы» құзыреттілігі бойынша ең үздік және I орын иегері Павлодар технологиялық колледжінің студенті Алимбай Дәуіт атанды, II орынды – Легачева Диана, Успен аграрлық-техникалық колледжінің студенті, III орын – Алякбар Жазира, Павлодар технологиялық колледжінің студентіне берілді. 
Абдирахимов Бекзод «Ресторан қызметі» құзыреттілігі бойынша бірінші орын, екінші орын – Целипоткин Владимир, үшінші орын – Егинбаева Аида, барлық жеңімпаздар Павлодар технологиялық колледжінің студенттері болып табылады.
Ж. Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Евгений Яровскийге «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша I орын берілді, II орынды Король Владислав, Павлодар түсті металлургия колледжінің студенті және III орынды Масик Дмитрий, Павлодар ИнЕУ колледжінің студенті иеленді.
«Графикалық дизайн» құзыреттілігі нәтижелері бойынша Павлодар көркем сурет колледжінің студенті Николай Свердлов I орын иегері, II орын Павлодар басқару колледжінің студенті Кулинич Максим, III орын Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Кушнир Роман иеленді.
«Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша тапсырманы үздік орындаған және I орынды иеленген Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Фархад Сафаров, II орын Павлодар монтаждау колледжінің студенті Коршун Игорь, III орын Павлодар монтаждау колледжінің студенті Журбина Анастасияға берілді.
«Сырлау және қолданбалы жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің студенті Екатерина Дмитриеваның нәтижесі үздік танылып, I орынды иеленді, II орынды Павлодар ИнЕУ колледжінің студенті Кунакова Айсулу және III орынды Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Любовь Хадеева иеленді.
«Құрғақ құрылыс және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Павлодар монтаждау колледжінің стунденті Елжас Рысбек бірінші орын, Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің студенті Шанов Рафаэль, үшінші орынды Ж. Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Таворский Антон иеленді.
«Жүк көліктеріне қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Павлодар техникалық-экономикалық колледжінің студенті Грмаш Александр I орынды иеленді, Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Нежеря Сергей II орында және III орында Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің студенті Аманбаев Зангар.
«WEB-дизайн» құзыреттілігі бойынша I орынға Павлодар бизнес колледж студенті Сорокин Андрей, II орынға Академик К.Сатпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі Капышев Санат, үшінші орынға Бурдаков Николай, Павлодар басқару колледжінің студенті ие болды.
«WorldSkills Kazaкhstan Pavlodar - 2017» ІІ аймақаралық чемпионат жеңімпаздары ағымдағы жылғы 2-5 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатта Павлодар облысының намысын қорғайды.
Өзгертілді: 31.03.2015 10:30
Орналастырылды: 27.04.2017 10:22

Облыстағы мектеп педагогтарының сапалық құрамы

2016-2017 оқу жылында облыстың барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 20 983 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 16 708 (79,6%) педагог, жоғары санаты бар – 4 668 (22,2%), бірінші санаты бар – 5 035 (23,9%) педагог.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 4 545 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 2 589 (56,9%) педагог, жоғары санаты бар – 416 (9,1%), бірінші санаты бар – 765 (16,8%) педагог.
Орта білім беру мекемелерінде 12 767 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 10 921 (85,5%) педагог, жоғары санаты бар – 3 174 (24,8%), бірінші санаты бар – 3 583 (28,1%) педагог.
Қосымша білім беру жүйесінде 1 054 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 819 (77,7%) педагог, жоғары санаты бар – 245 (23,2%), бірінші санаты бар – 192 (18,2%) педагог.
Арнайы білім беру мекемелерінде 579 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 467 (80,6%) педагог, жоғары санаты бар – 121 (20,8%), бірінші санаты бар – 112 (19,3%) педагог.
ТжКБ ұйымдарында 2 038 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 1 912 (93,8%) педагог, жоғары санаты бар – 712 (34,9%), бірінші санаты бар – 383 (18,7%) педагог.
Өзгертілді: 02.04.2015 11:04
Орналастырылды: 27.04.2017 09:49

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің көшпелі отырысы

2017 жылғы 17-18 сәуір аралығында Бірғаным Сарықызы Әйтімованың төралығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өткізілді. Комитет мүшелеріныің құрамында: Владимир Николаевич Редкокашин – комиссия хатшысы, комитет мүшелері, депутаттар - Әли Әбдікәрімұлы Бектаев, Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев, Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев, Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев облыстың білім беру саласындағы даму жағдайлары және перспективаларымен танысты.
Комитет мүшелері жұмыс барысында Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары, Качиры, Лебяжі, Павлодар, Успен, Шарбақты және Ақтоғай аудандарының 46 білім беру объектісіне барады. Олардың ішінде - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 36 жалпы білім беру мектебі (13 – қалалық, 23 – ауылдық), 4 қосымша білім беру ұйымы, балаларға арналған баспана, аутизмді балаларға арналған оңалту орталығы, түзету кабинеті, балаларды дамыту орталығы.
Әр аймақтың білім беру ұйымдарында депутаттар педагогикалық ұжымдармен, ата-аналар комитетінің өкілдерімен және жалпы білім беретін, мамандандырылған және шағын жинақталған мектептердің оқушыларымен кездесті. Кездесулерде елдің және аймақтың білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелер қозғалды, сондай-ақ еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты қағидалары талқыланды. Депутаттар Елбасының алға қойған мақсаттарға жету жолдары бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Президент мақаласының бағдарламасын қолдай отырып, біздің аймағымыздың педагогтары өз тілектерін білдірді.
19 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда аймақтың білім беру жұйесінің жағдайына жоғары баға берілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Сарықызы Әйтімова Павлодар облысындағы іссапар пайдалы да, өте мағыналы болғанын атап өтті. Комитет мүшелері бір ауыздан Павлодар облысының білім беру жүйесінің табысты жұмыс тәжірибелерін республикаға тарату қажеттілігін алға тартты.
Комитеттің көшпелі отырысының қорытындылары бойынша 2017 жылғы ІІІ тоқсанда «Орта білім беру жүйесін заңнамалық реттеу жағдайлары, проблемалары мен перспективалары» тақырыбында Парламенттік тыңдалымдар өткізуді жоспарлайды.
Өзгертілді: 26.04.2017 17:58
Орналастырылды: 03.05.2017 14:58
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_