rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Электрмен жабдықтау
Облыстың қалалары мен аудандарында электр энергиясын тасымалдау мынадай электр желілермен жүзеге асырылады:
- «Павлодар электр желілерін таратушы компания» АҚ (бұдан әрі - ПЭТК) – Павлодар, Ақсу қалалары мен облыс аудандары;
- “Горэлектросеть” АҚ – Екібастұз қаласы.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км, оның ішінде: ВЛ-220-110 кВ - 2,7 мың км, ВЛ-35-10-0,4кВ - 13,6 мың км, кабельдік желі - 10-6-0,4 кВ - 1,2 мың км.
Өңірде 4349 дана қосалқы станция бар, оның ішінде 220-110 кВ қосалқы станция - 78 дана, 35-10-0,4 кВ - 128 дана, ТП, КТП-6-10/0,4 кВ - 4 143 дана.
Орта пайдалану мерзімі 30-35 жылды құрайтындықтан, электр желілерінің орташа нақты тозуы 65%-ды құрайды.
 
Сумен жабдықтау
Облыста жабдықтау желілерінің ұзындығы 1075,7 км, ал су бұру желілері 857,1 км құрайды. Тозығы жеткен су құбырлары желісінің ұзындығы 1217 км асса (60%), су тарту желісі 365 км (43%) болып отыр.
2011-2013 жылдары сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 123 шақырымы қайта қалпына келтірілді.
2011-2013 жылдары бюджеттің 4 961,0 млн. теңге қаражатына облыста 22 жоба іске асырылып, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 63,5 км, сондай-ақ 3 су тазарту қондырғысы мен 8 көтергіш насос станциясы қалпына келтірілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылар бойынша жөндеуді қажет ететін сумен қамтужабдықтау желілері 5 пайызға төмендеп, 591,6 км немесе 55%-ды (жоспар бойынша 56%), ал су бұру желісі 7,5 пайызға азайып, 304,3 км немесе 36%-ды (жоспар бойынша 37%) құрады.
Ағымдағы жылы бағдарлама бойынша 2 772,7 млн. теңге қаражатқа (оның ішінде 2 421,5 млн. теңге республикалық бюджет , ал 351,2 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен) 9 жоба іске асырылуда. Олардың ішінде 8 жоба Павлодар қаласы бойынша болса, біреуі Екібастұз қаласына тиесілі.
Жобаларды іске асыру аясында 13,6 км сумен жабдықтау желісі және 4,8 км су бұру желісін қайта қалпына келтіру, сондай-ақ насос су тазарту және кәріз тазарту қондырғыларын жаңғырту жоспарланып отыр.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша тозған су құбыры желісінің үлесі 52%-ға (жоспар бойынша 53%), ал су бұру желісі 35%-ға (жоспар бойынша 35%) төмендейтін болады.
 
Жылумен жабдықтау
Облыстағы жылу желілерінің ұзындығы 903,7 км-ді құрайды, оның ішінде магистральді - 155 км; кварталдық — 725,7 км; ыстық сумен қамту желісі - 23 км. Оның ішінде 560 км астамына немесе желінің 62 %-на қалпына келтіру немесе күрделі жөндеу жүргізу қажет.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін жаңғырту» бағдарламасын іске асырылғаннан бері жылумен қамту желілерінің 6,0 шақырымы қалпына келтіріліп, 4,2 км желі мен 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті.
 
Тұрғын үй қоры
Облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 14,4 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 10,0 млн. шаршы метр қалалық болса, 4,4 млн. шаршы метр ауылдық елді мекендерге тиесілі.
Қазіргі уақытта облыста 2434 көп қабатты тұрғын үй (2328 – облыс қалаларында, 106 – облыс аудандарында) бар. Бүгінде кондоминиум басқармасының 446 органы жұмыс істейді, оның ішінде 206 – ЖШС, ЖК, ПИК және 240 - барлық пәтер иелерін бірлесіп басқару.
Аймақта көпқабатты тұрғын үйлердің 40%-дан астамы үйішілік инженерлік желілерді, жабындарды, лифт шаруашылығы мен тірек құрылымдарының күрделі жөндеу жұмыстарына мұқтаж.
ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мақсатында 2011-2012 жылдары облыста тұрғын үйлерде жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 117,5 млн.теңге бөлінді.
Осы сомаға 121 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Тұрғын үйлерде терможаңғырту жүргізу мақсатында 36 үйдің жабындарын қайта жаңарту, 14 тұрғын үйде ағаш терезе блоктарын қазіргі заманғы энергия үнемдейтін шыны пакеттерге ауыстыру және 7 үйдің қасбетін қалыңдату жұмыстары жасалып, 16 үйге жылу энергиясын есептегіш аспап орнатылды.
Бүгінгі күні үй-жай меншік иелерінің қайтарым қаражатының сомасы 80,1 млн.теңгені немесе 65%-ды құрайды, жоспар - 123,2 млн.теңге.
Жалпы республика бойынша 2013 жылы ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінбеген. Осыған байланысты Павлодар мен Екібастұз қалаларында үй-жай меншік иелерінің қайтарым қаражаты есебінен 34,0 млн.теңге сомасына 4 тұрғын үйге жөндеу жүргізілді.
Ағымдағы жылы 33 тұрғын үйде жөндеу жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 699,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде Павлодар қаласы бойынша 16 үйді жөндеуге 370,0 млн.теңге, Екібастұз қаласындағы 9 үйді жөндеуге 219,0 млн.теңге, Ақсу қаласы бойынша 8 үйді жөндеуге 110,0 млн.теңге қарастырылған.
 
Абаттандыру
Павлодар облысы тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы қалалар мен аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалықта ұстау жөніндегі іс-шараларды орындауға бюджет қаражатынан 6 002,5 млн.теңге бөлінді. Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 300,8 млн.теңге игерілген.
Бөлінген қаражат аясында 38,9 км жол мен жаяусоқпақтар жөнделіп, 126,7 мың м2 жол жабынына ағымдық жөндеу жүргізілген, сондай-ақ жеке сектордың 921,3 км топырақ жабынды көшелерін тегістеу, 45 аулаішілік аумақтарды жайластыру, 4712,6 қ.м. көше қоршауы мен 198 қоғамдық көлік аялдамасын орнату және жөндеу жұмыстары орындалды.
81 бақ пен саябақ, 142 көше, 21 субүркек, 477,7 км әуе желісі, 88,5 км кәбіл желісі мен 137 бағдаршам объектісін күту жұмыстары жүзеге асырылуда.
Көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шаралар аясында 154 771 ағаш отырғызылып, 23870 м2 гүлзар мен 71033 м2 гүлбақ орналастырылды.
Санитарлық жай-күйді қолдау мақсатында қоқыс жинау және оны тасып шығару, сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстары орындалды.
 
Газбен жабдықтау
Экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келмеуіне байланысты облыс қалаларының тұрғындары орталықтандырылған газбен жабдықтаудан бас тартты. 2000 жылға дейін газбен жабдықтау топтық резервуар қондырғылары (ТРҚ) арқылы жүзеге асырылатын. Осыған байланысты облыстың Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған қалалардың әкімдіктері мен мәслихаттарының шешімдерімен топтық резервуар қондырғылары толық газсыздандырылып, бөлшектенді. Екібастұз және Ақсу қалаларында ТРҚ толық газсыздандырылды және бөлшектенді. Павлодар қаласында коммуналдық меншіктегі 162 ТРҚ пайдаланудан шығарылып, қолданыстағы ТРҚ-ны газсыздандыру әрі тоқтату жұмыстары жүргізілді.
Тұрмыстық және өнеркәсіп мұқтаждықтарға тек сұйытылған мұнай газы ғана қолданылады, оның өндірумен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС айналысады.
Бөлшек сауда нарығында 7 газбен жабдықтаушы кәсіпорын сұйытылған мұнай газын жеткізіп, оны өткізумен айналысады. Олар тұрғындар мен заңды тұлғалардың газға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындар сыйымдылығы 27 л және 50 л жеке газ-баллон қондырғылары арқылы газбен жабдықталады.
Бір сұйытылған газ баллон (27 л) 1300-1500 теңге, 50 л баллон 3000-3200 теңге тұрады
Орташа есеппен маусымдық қажеттіліктерге қарай газдың ай сайын іске асырылуы тұрғындар үшін 500 тоннаны, ал заңды тұлғалар үшін 1300 тоннаны құрайды.
Сұйытылған газды іске асыру пункттеріне газды автокөлікпен жеткізу және газ баллондарын ауыстырудың қолданыстағы тетігі облыста газ тасымалдау желілерін салуды қажет етпейді.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_