rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 754 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі

Жаңалықтар

2012 жылы ҰБТ-ны өткізу жөніндегі республикалық-ақпараттық-түсіндіру кеңесі

2012 жылғы 3 ақпан күні Павлодар қаласының № 17 ЖОМ жанында 2012 жылы Ұлттық бірыңғай тістілеуді өткізу жөніндегі республикалық-ақпараттық-түсіндіру кеңесі өтті.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сыртқы бағалау басқармасының бастығы - Жанділдина Зинаш Жанділдақызы, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің бастықтары, облыстық мамандандырылған мектеп директорлары, ҰБТ-ны өткізу пунктерінің директорлары, Павлодар, Ақсу қалалары мен Павлодар ауданының мектеп директорлары, Павлодар облысы білім беру саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері, Балалар құқығын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.
Ж.З. Жанділдина қатысушыларды ҰБТ жүйесін жетілдіру жөнінде қабылданған шаралармен таныстырды:
- бітірушілердің заңсыз әрекетінің жауапкершілігі бөлігінде ҰБТ ережелеріне өзгерістер енгізілді (тәртіп бұзушыны тестілеуден бірден шығарып жіберу);
- бітірушіні шығарып жіберу және оның нәтижелерін жою туралы шешімді Министрліктің өкілдері қабылдайды;
- базалық ұйымдар басшыларының ҰБТ-ны өткізу жауапкершілігі күшейтілді;
- тест тапсырмаларының сапасын жетілдіру бойынша жұмыс атқарылып, математикадан логикалық сипаттағы тапсырмалар енгізілді;
- құпия тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде алдын алу шаралары қабылданды, ҰБТ тест материалдарының құпиялығын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттар қолданысқа енді;
- ҰБТ-ны өткізуге жауапты тұлғалармен қатар аймақтағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілді;
- Министрлік өкілдеріне, мемлекеттік комиссия төрағаларына және білім беру ұйымдарының жауапты қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары жаңа сапалық деңгейде өткізілетін болады;
-  жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары ҰБТ-ны өткізу кезінде жергілікті жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
2012 жылға келесі ұйымдастыру жаңалықтары қарастырылған:
- Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін пунктердің (ҰБТӨП) бәрінде ұялы байланысты қолдану адамды шаршатып жіберуі (ҚР БҒМ Денсаулық сақтау және байланыс пен ақпарат министрлігімен бірлесіп ұялы телефондар дыбысын басушыны пайдалану түлектердің организмі үшін қаншалықты зиян екендігін  анықтау мақсатында эксперимент жүргізді. Нәтижесінде құрылғыны қолдану қауіпсіздігі дәлелденді);
- әрбір ҰБТӨП-те аудитория санын қысқарту – 12-ден кем емес болуы қажет;
- аудандық және қалалық ҰБТӨП-те – 1 аудиторияға БҒМ-нің 1 өкілі;
- жоғары оқу орындарында – аудиторияның санына қарамастан 5 өкіл;
- кейбір ауылдық ҰБТӨП елді мекен ішінде білім беру ұйымдарының типтік ғимаратына көшуі;
- ауылдық ҰБТӨП-те аудитория және дәліздегі кезекшілік институтын алып тастау;
- ҰБТӨП барлығын бейне-жазу аппаратурасымен жарақтандыру;
- мемлекеттік комиссия мүшелерінің санын 5 адамға дейін қысқарту.
Наурыздың 10-нан сәуірдің 25-не дейін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылданады. Тестілеу маусымның 1-нен 15-сі аралығында ҰБТӨП-те өтеді. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25.
ҰБТ-ны өткізуге 3,5 сағат (210 минут) беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. ҰБТ кезінде аудиторияға тек Министрлік немесе мемлекеттік комиссия мүшесінің өкілдері міндетті түрде министрлік өкілімен кіреді.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес және 2011-2020 жылдарға арналған ГПРО қабылдануына байланысты оқу жетістіктерін сырттай бағалау енгізілді – бұл оқыту сапасына тәуелсіз мониторинг жүргізудің түрлерінің бірі. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау оқушылардың МЖМБС игеру деңгейін анықтап, білім қызметтері сапасын бағалау мақсатында іске асырылады.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша кешендік тестілеу нысанында 9-сынып оқушылары үшін 2012 жылғы сәуірде өтетін болады. Тестілеуде қазақ тілі мемлекеттік ретінде міндетті түрде, ал қалған 3 пән тестілеу жыл сайын Министрлікпен бекітіліп отырады.
 

03.02.2012

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49 Телефондар: +7 (7182) 32-34-22, info.ao@pavlodar.gov.kz
  • alt
    Қазақстан Республикасы
    Президентінің ресми сайты
  • alt
    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
  • alt
    Стратегиясы Қазақстан 2050
  • alt
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • alt
    Тұрғындарға қызмет
    көрсету орталығы
  • alt
    Қоғамдық қол жеткізу пункттері
  • alt
    Қазақстан Республикасы
    Әділет министрлігі
  • alt
    «Назарбаев орталығы» ММ
  • alt
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • alt
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • alt
    Халықтық
    IPO бағдарламасы
  • alt
    Кітап: «Павлодар облысы: жаңа тарих беттері.
    1991-2012»
  • alt
    «Қазконтент» АҚ
  • alt
    Қазақстан Республикасының
    электрондық лицензиялауы
  • alt
    Қазақстанның ДСҰ
    кіру мәселелері бойынша
    Ақпараттық орталығы
  • alt
    «Даму» кәсіпкерлікті
    дамыту қоры» АҚ
  • alt
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • alt
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • alt
    «ҚАЗТЕСТ» қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • alt
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • alt
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • alt
    Павлодар облысының прокуратруа огандары «Шенеунік және кәсіпкер» акциясын өткізуде


Наверх