rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Екібастұздың 60 жылдық мерейтойы

Екібастұздың 60 жылдық мерейтойы

Екібастұз қаласының 60 жылдығы атап өтілді. Осыған орай 60 киіз үй орнатылды.
Киіз үй қалашығы ипподром аумағында ашылды. Қала кәсіпорындары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар орнатқан киіз үйлерде арнайы ас – палау мен бауырсақ берілді. Этноауылда бірнеше алаң ұйымдастырылды: балаларға арналған алаңда алтыбақан мен батут орнатылды, сауда алаңында қолданбалы қолөнер көрмесінде кез келген адамға зергерлік бұйымдар мен ағаш, былғары, саздан жасалған заттар сатып алу мүмкіндігі ұсынылды.
Екібастұз мерейтойына қонақ ретінде Минск қаласы Партизан ауданыныңөкілдері де келді.
- 60 жыл соншалықты үлкен уақыт емес, дегенмен осы уақыттың ішінде Екібастұздың қызықты тарихы қалыптасты, - дейді жуырда Екібастұзбен бауырластар атанған Минск қаласы Партизан ауданы әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Светлана Петрова. – Бұл өте әдемі қала. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мереке тамаша ұйымдастырылған.
Бас сахна төрінде қонақтарға қазақстандық «Дос-Мұқасан» тобы өнер көрсетті. Екібастұз қаласының белсенді тұрғындарын түрлі наградалармен марапаттады.
Еңбек ардагерлері Дүкен Қызғарин мен Қайрат Смағұлов, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының директоры Александр Григорьев «Облыс алдындағы ерен еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
- Осыдан 60 жыл бұрын Екібастұзда 25 мың адам тұратын. Барлығы 4 мектеп, бір мәдениет үйі, балалар музыка мектебі, бір пошта бөлімшесі болды. Қала қарыштап, болашаққа қадам басты, -деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. - Бүгін Екібастұз еліміз үшін отын-энергетикалық және ірі өндірістік орталық болып табылады. Оның бай мұраға толы өткен тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Жыл сайын абаттандырылып, көркейе түсуде. Екібастұз – заманауи индустриалды орталық қана емес, талантты, еңбекқор және шығармашыл адамдар тұратын мекен.
Сондай-ақ мерейтой күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған ескерткіш ашылды. Биіктігі алты метрден асатын ескерткіш қала кіреберісіне орнатылды. Мүсіншілер Жаубасар мен Жарылғасын Иғланбекұлы жасаған.
- Жұмысты бастамас бұрын біз Мәшһүр Жүсіптің өмірін тереңнен зерттедік, - дейді Жаубасар Иғланбекұлы. – Ол өте жан-жақты адам болған. Философия, зерттеу, поэзия шеберлігін меңгерген.
Ескерткіштің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі бүгінгі ұрпақтың бай мұра қалдырған ұлы тұлғаны құрмет тұтуы керек екенін атап өтті.
- Өткені жоқтың болашағы болмайды, сондықтан біз Мәшһүр Жүсіп секілді ата-бабаларымызды ардақтап, құрмет көрсетуіміз керек, - деді Павлодар облысының әкімі. - Қазақтардың тоқшылықта өмір сүретінін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтып кеткен. Бүгінде біз шынымен де молшылықта өмір сүрудеміз.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Абай Шарапиев қатысты.
- Менің ата-анам Мәшһүр Жүсіп атамның талап қоя білетін адам болғанын айтатын, - дейді Абай Шарапиев. – Ол қолөнермен айналысқан қарапайым адамдарды қатты сыйлаған. Баянауылда оның ұсталықпен айналысқан достары өте көп болған. Олардың төрінде менің атам әрдайым қонақ ретінде құрметке бөленген.
Шара барысында ақынның бірнеше шығармасын орындап, соңынан ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

18.06.2017 Просмотров: 317

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_