rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Ауылдық тұтыну кооперативтеріне көмек көрсетілуі тиіс

Ауылдық тұтыну кооперативтеріне көмек көрсетілуі тиіс

Павлодар облысының әкімі ауылдық тұтыну кооперативтерінің жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы толық ақпаратпен қамтылмағанын атап өтіп, ауыл шаруашылығы басқармасының жұмысын сынға алды.
Болат Бақауов Май ауданына жұмыс сапары барысында Қаратерек ауылдық тұтыну кооперативінің 45 мүшесімен кездесті. Аталған ауылдық округте 2,7 мың ірі қара мал басы есептелініп, олардың санын көбейтумен айналысады, бірақ олар АТК арналған барлық мемлекеттік бағдарламалар туралы білмейтіндігі анықталды.
- Бюджетте Павлодар облысының ірі асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан бұқаларды жалға алу үшін қаражат көзделген, - деді облыс әкімі, - Бұның барлығы ұсақ шаруа қожалықтарының бұқаларды сатып алуға үлкен қаражат жұмсамаулары үшін жасалынып отыр.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, малды жалға алуға дайын, бірақ бұл туралы білмеген. Ал ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері бұл жұмысты соңына дейін аяқтамағандарын айтты.
- Егер ауылдық тұтыну кооперативтерімен жүргізілетін жұмыс осы күйде жалғасатын болса, ешқандай нәтиже болмайды, - деді Болат Бақауов. – АТК барлық артықшылықтарды пайдаланып, жұмыс істеулері қажет! Қаратерек АТК жұмысын ретке келтіріп, оларды негізге алып, кооперативтердің қалай жұмыс істеу керек екенін көрсетуді тапсырамын. Егер бұқаларды жалға алу жұмысы жүзеге асса, онда бірнеше жылдан кейін ІҚМ саны  2,7 мың емес, 5 мың болатынына сенімдімін! 
Бұдан басқа, ауыл тұрғындары өткен жылы субсидияның төленбегенін айтып, наразылықтарын білдірді. Май ауданының «Риза» ШҚ өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың соңында барлық қажетті құжаттарды жинаған, бірақ әлі тиісті төлемді алған жоқ. Облыс әкімі субсидияның төленбегеніне наразылық білдіру алғашқы жағдай еместігін атап өтіп, бұл мәселенің шешімін табуды тапсырды.

15.06.2017 Просмотров: 357

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_