rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Өткен шақ пен келер шақ

Өткен шақ пен келер шақ

Болат Бақауов 2016 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2017 жылға арналған міндеттермен таныстырды.
- Мен әрқайсыңыздың менің не талап ететінімді түсінуіңізді, әрқайсыңыздың алға қалай адымдайтынымызды білуіңізді, әрқайсыңыздың ағымдағы жылғы жұмысынан қандай нәтиже шыққанын, қандай кемшіліктері болғанын саралауыңызды және атқарушы биліктің, мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйымдардың бірлесіп атқарған жұмысы бұдан да тиімді болуы үшін не істеу керектігін түйсінгеніңізді қалаймын, - деп бастады баяндамасын аймақ басшысы. - Өйткені, біз не істесек те, халықтың игілігі үшін істейміз. Әрқайсымыз аймағымыздағы тұрмыс сапасын арттыруға ұмтылуымыз керек.
Әкім облыста тоқтап тұрған қорлар - көп жылдан бері жұмыс істемей тұрып қалған, инвесторға зәру кәсіпорындардың бар екенін атап өтті.
- Әкімдерге бір сұрақ қойғым келеді. Араларыңда биыл тым болмаса бір инвесторды тартқандарың бар ма?-деп сұрады аймақ басшысы. – Кейбіреулер инвестор тартпағанымен қоймай, инвесторларға салық пен айыппұл салып, оларға тосқауыл қойып отыр. Мысалы, «Павлодар» АЭА –мен болған жағдай. Олардан құрылыс уақытында пайдаланылмаған жерлерге салық төлеу талап етілген. Ертіс ауданында 10 жыл бойы жұмыс істемей тұрған элеваторға инвестиция салып, жөндеп, қайта іске қосқан «Кахалонг-Астық»ЖШС-ге өзіне бөлінген жерлерді пайдаланбағаны үшін 17 миллион теңге айыппұл салынған. Сіздер күндегі жұмыстарыңызды инвестиция мәселесінен бастауларыңыз қажет. Біздің облыс еліміздің өңірлері ішінде көш бастап тұруы үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Инвесторларды тарту үшін шетел асу міндет емес, әкімдер ірі кәсіпорындардың басшылары, олардың ортасы – бұл әлеуетті инвесторлар екенін білуі қажет, олар негізгі өндірістен басқа болашағы бар жобаларды қаржыландыруға қаражат сала алады.
Әкім тірек ауылдарды дамыту мәселесіне жеке тоқталып өтті. Ол ауылдың дамыған инфрақұрылымы жағынан тартымды болуы керектігін, халқы жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмыспен қамтылуы керектігін, ал бұның жаңа өндірістер ашу, бизнестің қолданыстағы жобаларын кеңейту арқылы мүмкін болатынын атап айтты.
- Бұл үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар, тек оларды дұрыс пайдаланып, халыққа ақпарат беру керек, - деп мәлімдеді әкім. – Ауыл әкімдерінің бұл бағыттағы жұмысы әлсіз. Қазір өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кәсіпкерлікке тарту міндеті тұр. Жеке қосалқы шаруашылықтар арасындағы кооперацияны дамыту, отбасылық сүт-тауар фермаларын құру қажет. Біздің алдымызға бұл міндеттерді Елбасы қойып отыр. Ал біз оларды атқаруымыз қажет!
Болат Бақауов су қорларын тиімді пайдалану мақсатында келесі жылдан бастап облыста көлдетіп суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары басталатынын айтты. Қазіргі уақытта көлдетіп суару жүйесінің қолда бар құрылғылары істен шығып, пайдаланылмай тұр.
- Биылғы жылы біз үшжылдық бюджетті қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар атқардық. Онда біздің барлық дерлік қажеттіліктеріміз ескерілген, - деп сөзін жалғастырды аймақ басшысы. – Республикалық бюджеттен түсетін мақсатты трансферттер мен несиелерді есепке алғанда, 2017 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 182 миллиард теңгені құрайды. Жәрдемқаржы көлемі 44 миллиард теңгені құрайды, бұл 2016 жылғы көлемнен 6 есе артық.
Әкімнің айтуынша, инвестициялардың басым бөлігі қалалар мен аудандарды дамытуға бағытталған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 11,2 миллиард теңге сомасында мақсатты трансферт бөлу қарастырылған. Келесі жылы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі 25 жобаны іске асыруға 7,4 миллиард теңге бөлінеді.

28.12.2016 Просмотров: 779

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_